- Басты
- Жаңалықтар
- Қазкоммерцбанкі өз тұтынушыларына әрқашан тек ресми ақпаратқа сүйенуге кеңес береді – ҚКБ басқарма төрағасы
Қазкоммерцбанкі өз тұтынушыларына әрқашан тек ресми ақпаратқа сүйенуге кеңес береді – ҚКБ басқарма төрағасы
«Қазақстанның банктің жүйесі бірнеше рет мұндай қиындықтарды бастан кешті. Соның ішінде девальвацияға, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық, жаһандық экономикалық дағдарыстарды өткерді. Тәжірибеміздің көрсеткеніндей, банктер осы жағдайда да инвесторлардың сенімінен шыға отырып, салымшылар мен несие алушыларға жағдай жасап қиындықтарды дер кезінде еңсере білді. Девальвация біздің тұтынушыларымыздың экономикалық жағдайына кері әсерін тигізгенін түсініп отырмыз. Бұл жағдай олардың көңіл-күйіне де айтарлықтай әсер етті. Алайда біз өзіміздің тарапымыздан жалпы қаржылық жүйе мен банктің тұрақтылыққа алаңдаудың еш негіз жоқ екенін жауапкершілікпен айта аламыз», - дейді Н.Жүсіпова.
Банктің басқарма төрағасының айтуынша, кеше банкте «жедел желі» ашылған. Сонымен қатар, мамандарды күшейту бөлімі іске кірісіп, салымшылардың тиімді операция ұйымдастыруы үшін кеңес берушілер мен кассирлер дер кезінде көмек беретін болады. Банктің жұмыс кестесі баяғыдай қала береді. Бұрынғы жүргізілген операциялар жүйесі де өзгермейді.
«Біз салымшылардан ақшаны біздің банктен алмас бұрын алдымен кеңес берушілермен ақылдасып алу қажеттілігін сұраймыз. Керек болса банк басшылығы да бұл тұрғыда тұтынушыларға кеңес беруге дайын. Мысалға, Қазақстанның коммерциялық банкінде тұтынушылардың жеке сұрағына жауап беру қызметі жұмыс істейді. Біз осы тұрғыда барлық тұтынушыларға кеңес беруге әзірміз», - дейді басқарма төрағасы.
Оның айтынша, Қазақстанда салымшылардың құқын қорғау бойынша алдыңғы қатарлы ең үздік механизмдер қалыптасқан. Барлық қазақстандық банктер салымшылардың салымын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесінің мүшесі болып табылады. Бұл дегеніңіз барлық азаматтың отандық және шет елдік салымдары толықтай сақталатын болады.
«Қазақстанда 30-дан астам банк жұмыс істейді. Олардың бірқатары жүйе қалыптастырушы банктер. Сонымен қатар, банктер мемлекеттің қатысуымен азаматтарға қосымша сенімділік береді. Бұл жағдайда салымшылардың өз қаражатын бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше банктің тұтынушысына айналуына болады. Біз мұны әрқашан өз тұтынушыларымызға кеңес етеміз», - дейді Н.Жүсіпова.
Н.Жүсіпованың айтуынша, банк қызмткерлері ҚР Заңнамасына сәйкес, тұтынушыларға банкпен түзілген келісімшартына қарамастан өз салымдарын алдын ала шешіп алу мүмкін екендіктерін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы