- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабының тұсаукесері өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабының тұсаукесері өтті
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2013 жылдың желтоқсан айында ҮИИДБ енгізілген инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне арналған телекөпірде Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтама кітабын жасап шығаруды бұйырған. Президент өз сөзінде: «бұл кітап бүгінгі таңда еліміздегі еңбекқор азаматтарды тұрақты табыс көзімен және жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанда 500 мыңнан астам көпбалалы ана, 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар, 570 мыңға жуық студенттер мен 1,7 млн зейнет жасындағы отындастырымыз тұруда. Бұл кітап сол азаматтарға да өз ісімен айналысуға үлкен көмегін тигізеді...» - деді Н.Назарбаев.
Кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, Қазақстанда алғашқы рет жарыққа шыққан «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы кіші бизнеспен айналысуға септігін тигізетін және әрсалалы 100 шағын бизнес жоспарлар ретінде көрсетілген. Сонымен қатар кітапта кәсіпті бастауға қаржы табу көздері, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары («Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы -2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» т.б.), құрал жабдықтарды жеткізу мен қамтамассыз ету, бизнесті оқыту т.б. толыққанды ақпарат қамтылған.
Аталған кітаптың басты мақсаты облыс тұрғындарын, әсіресе ауылды аймақтарда, кәсіпкерлікке баулу мен үйрету болып табылады. Жобаларды іске асыру туралы ақпарат ОҚО Кәсіпкерлер палатасының облыстың аудандары мен қалаларында ашылған өкілдіктері мен бизнес мектептер, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы тарқатылатын болады. Жаңа жобалар «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламалары аясында және «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылады.
«Өз кәсібіңді бастау - әрдайым көптеген сұрақтар мен мәселелерді шешуді талап етеді - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев. Басылымда кәсіпкерге алғашқы есептірін дұрыс жасауға жәрдем болатын нақты соңғы ақпарат көрсетілген. Сіздің кәсібіңіздің өрге домалауын қамтамассыз ету үшін, бизнес әлемінің басты мәселелерін айқындап оларды шешуге жол бағыттайтын, біз осы кітапты жаңа кәсіпкерлерге ұсынып отырмыз».
Іс-шара соңында өз ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер аталған басылымның ігі іс болуына сенім білдіріп, ең бастысы кәсіпті бастамас алдын көптеген есеп-қисапты жүргізуге кететін уақыт үнемделетініне көз жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды