- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2013 жылы 9 мың шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтеді
Қазақстанда 2013 жылы 9 мың шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтеді
1 Сәуір, 2013 00:00
Ағымдағы жылы Қазақстанда 9 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланған, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
«Ағымдағы жылы автожолшылар 9 мың шақырым республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлады», - деді А.Жұмағалиев.
ККМ мәліметіне сүйенсек, «Бейнеу-Шетпе», «Семей-Қабалтау», «Көкшетау-Петропавл», «Қапшағай-Талдықорған» учаскелерінде құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, 2013 жылы «Астана-Теміртау» учаскесін және «Астана-Павлодар» автожолын
қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланған.
«Автожол саласына келетін болсақ, өткен жылы 5,5 мың км республикалық және жергілікті маңыздағы жолдар жөндеу жұмыстарынан өткен болатын. Жол жағдайы 4%-ға жақсарған, бұл транзиттік тасымалдаудың 20 %-ға өсуін қамтамасыз етті», - деп толықтырды ККМ басшысы.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды