- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсына бастады
ҚР-да мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсына бастады
Көліккомминде хабарлағандай, осы қызметті ұсыну үдерісіне автоматтандыру және оңтайландыру жүргізілгеннен кейін оны алуға қажетті құжаттар тізбесі қысқарды. Азаматқа енді бұрынғыдай жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысу жағдайында әлеуметтік мәміленің көшірмесін ұсыну керек емес.
Қызметті алуға кететін уақыт - 7 жұмыс күні.
«Бұрын бұл қызметті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінен ғана алуға болатын. Енді оны егер сізде электрондық цияфрлық қолтаңба болмаса, ХҚКО-нан, ал егер ЭЦҚ болған жағдайда Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан алуға болады» - деп атап өтті ХҚКО қызметтерін автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директордың орынбасары Балташева Асемгуль.
Сонымен бірге бұл қызметті азаматтың электрондық үкімет порталынан өздігінен алу мүмкіндігі бар. Ол үшін, атап айтқанда, авторлану, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін таңдау, өтінімді толтыру және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. Өтінімде «Қазпочта» АҚ-да немесе екінші деңгейлі банктерде ашылған тұлғалық шоттың нөмірі міндетті түрде көрсетілуі тиіс, нәтижесінде жұмыссыз адам осы шоттан әлеуметтік төлемдер алатын болады. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыссыз адам Еңбек нарығы АЖ-да тіркелген болуы тиіс. 7 күн ішінде қызмет алушының жеке кабинетіне өтінімді өңдеу туралы хабарлама келіп түседі.
Қызметтерді үнемі автоматтандыру мен оңтайландыру ХҚКО-ларға көрсетілетін қызметтердің санын белсенді түрде арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Осы жылдың өзінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары 25 шамасында жаңа қызмет түрін енгізіп үлгерді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары