- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Университетінің жанынан Геологиялық барлау орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды – ИЖТМ
Назарбаев Университетінің жанынан Геологиялық барлау орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды – ИЖТМ
«Геологиялық кластер білім беру, ғылым мен геологиялық өнеркәсіптік саланы біріктіретін байланыс болып есептеледі. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық саланы дамытуға тапсырма берген болатын, бұл экономика секторының негізгі бағыттарының бірі», - деді Президент көмекшісі Ербол Орынбаев.
Келісілген меморандумның мақсаты – Геологиялық орталық құру аясында геологиялық зерттеу, геохимиялық, минерологиялық, тәжірибелік- өндірістік, тәжірибелік, көмірқышқыл су шикізаты, қатты пайдалы қазбаларды, оның ішінде шетел пайдалы қазбаларын қолдану аясында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазіргі таңда Назарбаев Университетінде кешенді геологиялық пайдалы қазбаларды қолдану бағдарламасы құрастырылуда.
Сондай-ақ, геологиялылық негізгі элементтерді құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Бүгінгі қол қою бізге үлкен тереңдікте геологиялық зерттеулер айналысуға тура келетіндіктен стратегиялық маңызы зор. Бізге бұған дейін Қазақстанда қолданылмаған технология мен мамандар керек. Олсыз геологияның кең ауқымда дамуы мүмкін емес», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - индустря және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.
Оның айтуынша, бұл өз кезегінде елімізде геологиялық материалдарды зерттеу арқылы қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Айта кетерлік жайт, аталмыш жоба Елбасының елімізде геологиялық кластерді дамыту бойынша берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.
Бұған дейін хабарлағандай, «Назарбаев Университеті» ААҚ жанынан Инновациялық-интеллектуалды кластер құрылуда, оның негізі Ғьлыми парк болып табылады.
Ғылимы орталықтың зәкірлі жобасы Геологиялық кластер. Оның құрамына Тау ісі мектебі, Жер ғылымы мектебімен бірлесіп Колорадалық Тау ісі мектебі кіреді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары