- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да кәсіпкерлерді қолдау бойынша онлайн-жоба таныстырылды
ҚР-да кәсіпкерлерді қолдау бойынша онлайн-жоба таныстырылды
Тұсаукесерде «Мәселелер тізілімі» жобасы іске қосылатын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңартылған www.palata.kz сайты таныстырылды.
«Мәселелер тізілімі» елімізде кәсіпкерлер құқығын қорғау және қолдау көрсету мақсатында әзірленіп, өз алдына әр бизнесмен кәсіпкерлік қызметі барысында туындаған қиындықтар жайында хабарлама орналастыра алатын онлайн платформа болып табылатындығын атап өткен жөн. Ұлттық палата «Мәселелер тізілімі» жобасы арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, кәсіпкерлерге қажетті көмек ұсынбақ.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева «Мәселелер тізілімі» жобасының презентациясында атап өткендей, бұл жоба кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге жағдай жасайды.
«Ең бастысы, «Мәселелер тізілімі мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттестікті орнатуға жағдай жасап, кәсіпкерлер қызметінде туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Гүлнар Құрбанбаева.
«Мәселелер тізілімі» және оларды шешу жолдарының картасы кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, Төралқа комитеттері және Ұлттық палатаның басқа да мамандандырылған құрылымдарынан келген ұсыныстар негізінде қалыптастырылады. Жобаның ең басты бөлімі мәселені шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу, саралау әрі топтастыру және тәжірибеде осындай ұсыныстардың жүзеге асырылуы барысының мониторингін жасау болып табылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған