- Басты
- «Қазақстан-2050» қозғалысы еліміздің әр өңірінің жұртшылығымен кездесу өткізеді
«Қазақстан-2050» қозғалысы еліміздің әр өңірінің жұртшылығымен кездесу өткізеді

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халықтар ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен біріге отырып (ары қарай - Қозғалыс), «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін өңдеу және қабылдауды тапсырды.
Қарағанды облысы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы өкілдерінің жаңадан жасақталатын Патриоттық актіге ұсыныстар топтамасын жинауды бастаған бірінші қазақстандық аймақ. Қозғалыс көшбасшылары Қарағандыдан Қостанай облысына аттанады. Қозғалыс белсенділері наурыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлауда.
«Өңірлерге шығу арқылы біз бірнеше мақсатты алдыға қойып отырмыз. Біріншіден, өңір тұрғындарының қандай мәселе толғандырып, олар үшін не маңызды екендіктерін өз ауыздарынан естуге бұл жақсы мүмкіндік. Екіншіден, мұнда біз өткізетін ашық пікірталастар азаматтарға Стратегияның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрине, мұндай іс-сапарлар «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне қандай да бір құндылықтарды енгізу барысында өңір тұрғындарының ой-пікірлерін ескеруге бізге жақсы көмектеседі. Тұрғындар көп сұрақ қоюда. Оларды расымен елімізді қандай болашақ күтіп тұрғандығы мен қандай мемлекет құрып жатқандығымыз қызықтырады. Бұл қуантады», - деп атап өтті Қозғалыс Кеңесінің Төрағасы Данат Жұмин.
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда
-
Тоқаев: Тәуелсіздік бәрінен қымбат
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Педиатр дәрігер: Кавасаки синдромы аса қауіпті емес
-
Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді
-
Дәрігерлер кеңесі: КВИ-ді асқындырып алмаудың жолдары
-
С және Д дәрумендері коронавирус пен ЖРВИ-дің алдын ала ма

