- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО Үржар ауданында ШОБ-тің 182 жаңа нысаны ашылды
ШҚО Үржар ауданында ШОБ-тің 182 жаңа нысаны ашылды
«Үржар ауданының 5 мыңдай тұрғыны жеке кәсіпкерлік қызметтерімен айналысады. Олардан түсетін салықтық төлемдер 155 844 мың теңгені құрайды», - дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.
ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, 2013 жылы өңірде 14 дүкен, 8 наубайхана, 2 қонақ үй, 7 шаштараз, 3 дәріхана, 1 сауда үйі, 6 тамақтандыру орны, 1 майхана, 1 мал базары, 2 сауна, 1 қоғамдық монша ашылып, нәтижесінде 89 жаңа жұмыс орны пайда болған.
Үржар ауданындағы көптеген жобалар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оларға деген банктердің сыйақы құны теңгемен есептегенде 14%-дан аспайды, солардың 7%-ын бағдарламаға қатысушылар төлесе, қалған 7%-ын «Даму» қоры өтейді.
Сонымен қатар, өткен жылы «Өндірістік-2020» бағдарламасы аясында «Шваб шұжықтары» ЖШС инвестициялық жобасы қарастырылды. Халықтың сұранысымен шұжық өнімдерін кеңейтіп, етті өңдейтін заманауи құрылғылар сатып алуға 30 млн теңге көлемінде несие берілді.
Әкімнің айтуынша, аудан кәсіпкерлері бизнестік әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне өз үлестерін қосуда. Ол үшін кәсіпкерлер тарапынан 70 млн теңгелік 79 меморандум жобасына қол қойылған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр