- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы полициясы кәсіпкерлерді тексеруді 5 есеге қысқартты - А.Лукин
Қаржы полициясы кәсіпкерлерді тексеруді 5 есеге қысқартты - А.Лукин
«Елбасы өзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауында алдағы он жылдыққа еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуын міндет етіп қойды. Бүгінгі таңда Агенттік басқа да құқық қорғау органдарымен қосылып 2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыруда»,- деді А. Лукин.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда қаржы полициясының бастамасымен және уәкілетті органның қабылданған шараларының арқасында кәсіпкерлерді тексерулер саны 5 есе қысқарды.
«Егер, 2011 жылы 1 715 тексеру жүргізілсе, онда 2012 жылы ол - 1009 құрады, ал, 2013 қаржы полициясының бастамасымен небәрі 340 тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, президенттік сайтқа бизнесті қорғау бойынша түсетін шағымдар саны азайды, 2013 жылы 7 өтініш түскен», - деп А. Лукин атап өтті.
Сондай-ақ ол, «қазіргі таңда түскен шағымдардың 71% 10 тәулік ішінде қаралады», деп хабарлады.
«Ал, шағымдардың 10%, яғни тексеруді қажет етпейтіндері нарядқа жазылады. Бұл кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетеді. Бұл дегеніңіз, кәсіпкерлерді негізсіз тексеруді болдырмайтын қосымша фильтр», - деп А. Лукин толықтырды.
Агенттік төрағасы атап өткендей, аталмыш шаралар бизнес-қауымдастықпен байланыс орнатуға өз септігін тигізді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер