- Басты
- Жаңалықтар
- М.Шәріпов ядролық жанармай өндірісін ұйымдастыру шаралары туралы баяндады
М.Шәріпов ядролық жанармай өндірісін ұйымдастыру шаралары туралы баяндады
«Президент Жолдауында Қазақстанда өзіміздің ядролық жанармай өнімін ұйымдастыру қажеттілігі айтылған болатын. Бұл Елбасының тапсырмасы. Осы орайда тиісті жұмыстар атқарылуда. Әрине, біз ядролық жанармайды уран шикізатын өңдеудің соңғы өнімі ретінде қарастырамыз. Қазіргі таңда Қазақстанда нарыққа тек шикізаттық табиғи уран ғана шығарылады. Енді біз нарыққа ядролық жанармайды да шығармақпыз», - дейді М.Шәріпов.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда түрлі шаралар бойынша өзге елдермен белгілі бір келісімдер бар.
«Мысалға, өндіру жағынан біздің әлемде бірінші орынға ие екенімізді барлығы біледі. Одан кейінгі кезең – өнімді конверсиялау. Осы сегмент бойынша бізде Канадалық компаниямен гексафторид уранын шығару зауытын құру жайындағы келісіміміз бар. Менің ойымша, «Қазатомпром» мен аталмыш компания осы жылдың соңына дейін әлгі жобаны іске асырудың нақты ұсыныс жобасын бермек», - дейді М.Шәріпов.
Комитет төрағасының айтуынша, өткен жылы Ресей-Орал электрохимиялық комбинаты байыту кәсіпкерлігіне біріккен қазақстандық кәсіпкерлікті кіргізу туралы келіссөздер аяқталды.
«Одан кейінгі атқарылуы керек шара – жылу бөлу жинақтары өндірісін қолға алу. Мұнда да бізде француздың «Аревой» компаниясымен келісіміміз бар. «Қазатомпром» қазір «Аревоймен» бірігіп аталмыш жобаның қаншалықты тиімді екенін талқылауда. Барлық цикл осы сегменттерді қамтиды. Өздеріңіз де байқағандай, барлық сегмент бойынша біз жұмыс істеп жатырмыз», - дейді М.Шәріпов.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары