Қызылорда облысында 2014 жылы 8 ауданды дамытуға қаржы бөлінеді

19 Ақпан, 2014 09:40
Қызылорда облысында 2014 жылы 8 тірек ауданды дамытуға қаржы бөлінеді.

Облыс  әкімдігінің хабарлауынша, биыл кешенді даму жұмыстары жүргізілетін 8 тірек ауыл анықталған.

Олардың арасында Арал ауданы Сексеуіл ауылы, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылы, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы, Шиелі ауданы Еңбекші ауылы, Қазалы ауданы Жанқожа ауылы, Сырдария ауданы Ақжарма ауылдары мен Қызылорда қаласының Тасбөгет елді-мекені және Қармақшы ауданының Төретам ауылы бар.

«Тірек ауылдардың әлеуметтік экономикалық жағдайды арттыру үшін бөлінген қаражатбиылғы жылдың бюджеттік басымдылық берген жобаларының бірі болып табылады», - делінген облыс әкімдігінде.

Барлық жаңалықтар