- Басты
- Жаңалықтар
- Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру қызметін енді ХҚКО-нда алуға болады – ККМ
Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру қызметін енді ХҚКО-нда алуға болады – ККМ
Көліккомминде хабарлағандай, бұл қорытындыларды алу үшін стандартты жиынтық – жеке басы куәлігі, қоршаған ортаға тиетін әсерді алдын ала бағалау, алдын ала жобалау, жобалау құжаттамасы және объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбамен материалдар. Сондай-ақ нақты қандай қорытынды керектігіне байланысты, арнайы құжаттар мен жобалар.
«Бұрын мұндай қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне жүгіну қажет еді. Енді оларды кез-келген ХҚКО-нда, сондай-ақ«Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету алаңдарында алуға болады» - деп, ХҚКО қызметтерін автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директордың орынбасары Әсемгүл Балташева атап өтті.
Сонымен бірге бұл қызметті ҚР электрондық үкіметінің www.egov.kz порталында алуға болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба және барлық қажетті жобалар мен құжаттардың сканерленген нұсқалары болуы тиіс. Берілген өтініштің мәртебесін «Менің өтініштерім» тарауында бақылауға болады, ал рұқсат алу туралы «Менің рұқсат берілген құжаттарым» тарауында білуге болады. Қызметті көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні, яғни осы уақыт ішінде сізге өтінімді өңдеу туралы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауап келуі тиіс. Қызмет тегін көрсетілетінін айта кеткен жөн.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы