- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы ДСМ медициналық қызмет көрсетудің 6 стандартын мақұлдады – Е.Байжүнісов
2013 жылы ДСМ медициналық қызмет көрсетудің 6 стандартын мақұлдады – Е.Байжүнісов
Министрдің айтуынша, адам ағзасына, денсаулығына қатысты барлық нәрсе отандық немесе халықаралық талаптарға жауап беруі керек.
«2013 жылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсетудің 6 стандартын мақұлдады, соның ішінде онкология, неврологиялық қызмет, паллиативтік, трансфузионды көмек, бейімдеу, жедел медициналық қызмет, санитарлы авиация түріндегі жедел медициналық қызмет бар», - дейді вице-министр.
Әсіресе ол жедел медициналық көмек қызметіндегі стандарттау жұмыстарын жоғары бағалады.
«Аталмыш қызметтің жеделдігі бұл салаға барынша мұқият және жоғары талаптарға жауап беруді мәжбүрлейді. Бүгінде біз машиналарымыз қызмет көрсететін шақыртуды үш топқа бөліп қарастырдық. Науқасқа жол тартқан көлік ең ұзақ дегенде 30 мнут ішінде жетуі керек», - дейді министр орынбасары.
Оның айтуынша, Павлодарда жедел жәрдемнің орташа жету уақыты 9 минут болса, Алматыда бұл көрсеткіш 11 минутты құрайды.
«Осы стандарттардың арқасында біз барлық көліктерімізді қайта жарақтандырамыз. Ресейлік «УАЗ» көліктерінен біржола тазарып, біз тек қана талаптарға жауап беретін заманауи медициналық құрылғылармен жарақтандырылған көліктерге ие боламыз», - дейді министр орынбасары.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер