- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Келімбетов банктердің банкротқа ұшырауы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді
Қ.Келімбетов банктердің банкротқа ұшырауы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді
«Бүгiн SMS хабарламалар арқылы бiрқатар қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы туралы жалған әрi күмәндi ақпараттың тарағаны белгiлi. Бұл өз кезегiнде аталмыш банктер салымшылары тарапынан шетел валютасына деген дүрлiкпе сұраныстың туындауына себеп болды. Осыған байланысты, таралған мәлiметтiң жалған, негiзсiз, арандатушы ақпар екендiгiн және елiмiздiң банк жүйесiн тұрақсыздандыруға бағытталғаны туралы Ұлттық банк мәлiмдейдi», - дедi Қ.Келiмбетов.
Өз сөзiнде ол, Ұлттық банк өз тарапынан мұндай тұрақсыздық тудырушы iс-әрекеттердi болдырмау мақсатында тиiстi құқық қорғау органдарына өтiнiш жолдағанын атап өттi.
«Ұлттық банк барлық қазақстандық банктерде ұлттық валютада да, шетелдiк валютада да қаржының жеткiлiктi екендiгiн мәлiмдейдi. Және қажет болған жағдайда банктерге өтiмдiлiктi қоса алғанда тиiстi қолдау көрсетедi. Заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардың кез келген валютадағы депозиттерiне мемлекет тарапынан кепiлдік берiлетiнiн естерiңiзге сала кеткiм келедi. Ұлттық банк Қазақстан азаматтарына мұндай жалған ақпараттарға сенбей, сабырлық сақтауға шақырады», - деп түйiндедi ол
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы