- Басты
- Жаңалықтар
- Статистика агенттігінің төрағасы ҚР Президентіне 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады
Статистика агенттігінің төрағасы ҚР Президентіне 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады
«Мемлекет басшысы негізді мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан әрі қысқартуға назар аударды», - делінген хабарламада.
«Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық деректер, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту деңгейі және тағы басқа сияқты көрсеткіштерді дер кезінде ұсыну аса маңызды. Осының бәрі мемлекеттік органдардың жұмысын және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті заманауи ақпараттық технологияларды мемлекеттік статистикаға одан әрі енгізіп, методикалық және методологиялық базаны жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев халық пен бизнес үшін ашық саясат ұстанудың, мемлекеттік статистикаға қолжетімділіктің маңыздылығына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманың статистика бөлігіндегі негізгі ережелерді түсіндіру жұмыс одан әрі жүргізудің мәні зор екеніне де тоқталды.
Ә.Смайлов агенттік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін жасап жатқанын, онда құжат айналымын азайту мақсатында есептілік көрсеткіштері екі есе қысқартылғанын айтты.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді