- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы «ҚазАгро» сауда-логистикалық орталық құрылысын бастайды – Д.Айтжанов
2014 жылы «ҚазАгро» сауда-логистикалық орталық құрылысын бастайды – Д.Айтжанов
«Аталмыш жобаның толыққанды атқарылуы үшін атқарылуы тиіс екінші міндеттеме – сауда-логистикалық орталық құрылысы. Осы орайда аталмыш жобаны іске асыру үшін индонезиялық әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз биыл осы орталықтың құрылысын бастауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар өнімді қалаға тасу үшін шағын жүк көліктері мен тауар қоршауы үшін рефрижерантор автокөліктерді алу ойда бар», - дейді Дулат Айтжанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, «нарыққа шаруа қожалықтары мен фермерлердің қолжетімділігін қаматамасыз ететін ыңғайлы жүйесі қалыптасқан Украина тәжірибесі зерттелді».
«Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға барлық жағдай жасалған – нарыққа бөлек кіріс, өнімдерін сақтайтын бөлек сақтау камерасы, жұмыс кабинеттері қарастырылған. Және жұмыс орны 20 жылға беріледі. Осыны білетін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өздерінің несібесін алып қалуға тырысады», - дейді «ҚазАгро» басқарма төрағасы.
Басқарма төрағасының айтуынша, нарық өкілдері өңірлерге шығып, фермерлер жағдайымен танысады және жобаны іске асыру механизмдерін көзбен көреді.
«Бүгін қазақстандық инвесторлармен келіссөздер жүргізіледі. Біз барлық құжаттарды дайындап, оларға өз ұсынысымызды айтуға дайын отырмыз. Сату нарығына қолжетімділік мәселесіне келер болсақ, холдинг тарапынан Астана азық-түлік белдеуі аясында тауар айналымы жүйесі дайындалды. Ондағы мақсат – сауда желілері мен өндірушілер арасында тікелей байланысты қалыптастыру. Бұл жүйе үш бірдей өнімді енгізуді қарастырады. Біріншісі – АТ өнімдері, екіншісі – логистикалық қойма құрылысы, үшіншісі – транспорттық логистикамен қамтамасыз ету», - дейдіД.Айтжанов.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Абай жылының айшықты тұстары -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары