• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Матен Петролеум» АҚ биылғы жылдың сәуір айында жұмыскерлер жалақысын 10%-ға көбейтеді

«Матен Петролеум» АҚ биылғы жылдың сәуір айында жұмыскерлер жалақысын 10%-ға көбейтеді

18 Ақпан, 2014 11:45
Теңге курсының өзгеруін ескерген «Матен Петролеум» АҚ биылғы жылдың сәуір айында жұмыскерлер жалақысын 10%-ға көбейтетін болды.

«2014 жылдың 14 ақпанында өткен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысындағы үндеуіне жауап ретінде «Матен Петролеум» АҚ 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыскерлер жалақысын 10%-ға көбейтетін болды», - дейді кәсіпкерліктің бас директоры Қаднен Құдабаев.

Қазіргі таңда «Матен Петролеум» АҚ-да шамамен 430 жұмыскер еңбек етеді, соның ішінде 80%-ы өндіріс саласында. 2013 жылдың ортасында кәсіпкерлік өндірістегі жұмыскерлердің жалақысын 15 пайызға индекстеген болатын.

«Матен Петролеум» АҚ Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіру мен барлау саласындағы алдыңғы қатарлы ірі мұнай-газ компаниясы болып табылады. Компания Қара-Арна, Көкарна Шығыс және Матин кен орындарының операторы. «Матен Петролеум» АҚ акциялары Қазақстандық қор биржасында саудаланады.

Барлық жаңалықтар