- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ірі қараның өсім қарқыны 15%-ға дейін көтерілді – А.Мамытбеков
ҚР-да ірі қараның өсім қарқыны 15%-ға дейін көтерілді – А.Мамытбеков
«Қазіргі таңда бірінші құрамдаста 360 бас тіркеліп, енді олар тұқымы бойынша іріктелуде. Соңғы екі жылда елімізде ірі қара мал басының өсім қарқыны 15%-ға дейін көтерілді. Соның ішінде аналық мал басы 19,4%-ға артқан. Салыстыру үшін айта кетейік, 2008 және 2009 жылдары жобаны іске асырудан бұрын аталмыш қарқын мүлде болған емес», - дейді министр.
Оның айтуынша, тек 2013 жылдың өзінде 50 мыңдай ірі қара малы сатып алынған.
Сонымен қатар, бордақылау қоралары құрылысы жоспары да орындалуда.
«Өнімдік табын сапасының артуы асыл тұқымды мал басын сатып алу арқылы ғана жүзеге асырылады. Осы бағытта ең бастысы – жоғары өнімді асыл тұқымды бұқалардың санын көбейту. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия аталмыш процесті ынталандыруға бағытталған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша асыл тұқымдандыру жұмыстары 390 мал басын қамтыған», - дейді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, осы ақпараттың барлығы «мал басын асыл тұқымдандырумен қатар фермерлерді техникалық есепке қоюға мүмкіндік беретін» Сыбага.kz ақпараттық-сараптамалық базасына тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның өңірдегі ең ірі ет, сүт және өзге де ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы мемлекет болуы тиіс екенін айтты.
«Болашақта аграрлы секторда өңдеуші кәсіпкерліктерде жаңа желілерді құрудың маңызы зор. Бастысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру көздеріне қол жеткізіп, нарықта алыпсатарлықсыз жұмыс істеуі керек», - деген болатын Елбасы.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды