- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдан бастап Назарбаев Университеті мемлекеттік саясат саласында PhD докторанттарын дайындайды
2014 жылдан бастап Назарбаев Университеті мемлекеттік саясат саласында PhD докторанттарын дайындайды
«Біз Жоғарғы мемлекеттік саясат мектебінде «Мемлекеттік саясаттағы магистр» мамандығы бойынша алғашқы магистрлік бағдарламамызды ұсынамыз. Алайда, біздің мектеп мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді бағдарламаларын жалғастырады, ал 2014 жылы біз мемлекеттік саясат саласында ғылыми зерттеу жүргізгісі келетіндер үшін PhD бағдарламасына іріктеу өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді С.Джонс.
Ол атап өткендей, аталған мектептегі оқу бағдарламасы Орталық Азия өңірінің ерекшелігін есепке ала отырып жасалған. Келешекте біз көршілес елдердің студенттерін белсенді түрде тартуға ниеттіміз.
Магистратура бағдарламасы бойынша оқыту таза ағылшын тілінде өткізілетін болады, сабақтарды Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің үздік оқытушылары жүргізеді.
Бағдарлама шеңберінде студенттер Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде Қазақстан үшін өзекті мәселелерді Сингапурдың тәжірибесімен салыстыра отырып білім алуға мүмкіндік алады. Магистранттар мемлекеттік қызметшілермен, практиктермен және нақты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады.
«Назарбаев Университеті білім беру саласында жаңалық жасау мақсатымен құрылған болатын, бұл Қазақстанның дамуына жалпы алғанда жақсы үлес қосуы тиіс. Экономиканың сәтті дамуы дұрыс басқаруға тікелей байланысты. Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің басты мақсаты да осы - кәсіпқой мемлекеттік қызметкерлерді, жаңа ұрпақ басқарушыларын дайындау болып табылады», - деп қортындылады университет провосты.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасына өтініштерді қабылдау жүргізіп жатыр. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жүргізілетін болады. Аталған бағдарлама бойынша оқыту ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.
Айта кету керек, оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Талапкерлердің мемлекеттік органдарда немесе әлеуметтік, халықаралық ұйымдарда немесе мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайтын ұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты