- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстанда тіркелген әскери атташелермен кездесу өтті
Астанада Қазақстанда тіркелген әскери атташелермен кездесу өтті
Министрлікте хабарлағандай, ҚР Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен конструктивті қарым-қатынас қалыптастыруға ұмтылып келеді. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту және біліктілігі жоғары әскери мамандар даярлау саласында қарқынды ынтымақтастық жасауға ерекше назар аударылады.
«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстан Республикасындағы өндірісті дамыту басымдыққа ие. Біз Эйрбас, Еурокоптер сияқты ірі әскери техника өндіруші компаниялармен ынтамақтық жасаймыз, еуропа және Түркия компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі армияны әскери-техникалық жарақтандыруға үлкен көңіл бөліп отыр», - деп шетелдің әскери өкілдермен кездескен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымов атап өтті.
Әскери атташелермен кездесуде Қорғаныс министрлігінің офицерлері баяндама жасады, олар халықаралық әскери ынтымақтастық саласындағы жұмыс туралы әңгімелеп, қонақтарды кәсіби негіздегі армия жасақтау тұжырымдамасымен таныстырды.
Бұдан басқа, кездесу барысында Қорғаныс министрлігі 2014 жылға жоспарлап отырған іс-шаралар талқыланды. Биылға жоспарланған ҚР Қарулы Күштеріндегі ірі оқиғалардың бірі – «КАDЕХ-2014» ІІІ халықаралық көрмесінің өткізілуі. Іс-шараға даярлық туралы әңгімелеген ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы генерал-майор Талғат Жанжүменов Қорғаныс министрінің атынан әскери делегацияларды мамыр айының соңына қарай Астана қаласында өтетін қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. «КАDЕХ-2014» шеңберінде қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіптік компаниялардың жаңалықтарымен танысып қана қоймай, оларға іскерлік келіссөздер жүргіу алаңы ұсынылатын болады.
«Бүгіні таңда 15 мемлекеттен 115 компания қатысуға өтінім берді. Өтінімдерді ресімдеу жөніндегі жұмыс жалғасуда. Биыл біз жаңа әзірлемелердің макеттері емес нағыз үлгілерін қоюды ұсынып отырмыз. Әлемдік өндірушілер көрмеде ғарыштық элементтерді, авиация қару-жарағын, зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін, құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің қару-жарағын және техникасын, сондай-ақ байланыс құралдарын ұсынатын болады», - деп қосты генерал-майор Талғат Жанжүменов.
Өз кезегінде әскери атташелер Қазақстан Қарулы Күштерінің қарқынды дамып келе жатқанын және оның жақсы жарақталғанын атап өтті. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері жоғары ұрысқа қабілеттіліктерін халықаралық оқу-жаттығуларда дәлелдеп келеді. Барлық оқу-жаттығулардың қорытындылары бойынша қазақстан әскерінің сарбаздары мен сардарлары сарапшылар тарапынан жоғары баға алып келеді. «Дала қыраны-2013» оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальоны НАТО елдері қарулы күштерімен үйлесімді және бітімгершілік миссияларына қатысуға әзір деп танылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады