- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылғы Жолдаудағы барлық тапсырмалардың орындалатынына сенімдімін – О.Бекбас
2014 жылғы Жолдаудағы барлық тапсырмалардың орындалатынына сенімдімін – О.Бекбас
«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым. Бұл нақты тапсырмалар мен мақсаттардан тұратын нақты құжат. Жыл сайын Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жолдағанда біздің елімізде осыған қатысты үлкен қоғамдық пікір туып, халық белседі түрде талқылады», - дейді О.Бекбас.
Оның айтуынша, Жолдаудың әр идеясында Мемлекет басшысының ұлттық даму стратегиясына есептелген нық сенімділігі мен мемлекеттік жоспарлар және жобалар әр сөйлем мен әр саннан көрініс табады.
«Жолдаудың әр сөйлемі Президентіміздің еліміздің миллиондаған қарапайым азаматтарының қамын жейді. Мен осы Жолдаудан өзімнің көңіліме жақын келген жерлерінің қысқаша мазмұнына тоқталсам деймін. Тапсырмалардың ішінде 2050 жылға дейін Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің 80 жасқа дейін жеткізілуі. Басымдылықтардың арасында алтыншы бағыт: денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ынтымақтастығына мемлекеттік жауапкершілікті арттыру. Жолдауда айтылған жету құндылықтардың бірегейі ретінде мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актіні айтар едім. Бұл – жаңа ұлттық идея. Біздің халқымыз үшін дер кезінде қабылданған акция. «Қазақстан жолы-2050» Жолдауы – әлеуметтік-экономикалық дамуымызда маңызды рөл атқаратын еліміздің басты оқиғаларының бірі. Мен осы Жолдауда Мемлекет басшысы тапсырған барлық тапсырмалардың орындалатынына сенімдімін», - дейді О.Бекбас.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі