- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да шикізат саласының үлесі төмендемейді - Ә.Смайылов
ҚР-да шикізат саласының үлесі төмендемейді - Ә.Смайылов
«Ағымдағы жылы Мұнай және газ министрлігінің Қашағанда мұнай өндіру бойынша жоспары бар, сондықтан елімізде шикізат саласының үлесі төмендемейді. Өндеу өнеркәсібі саласында да өсім байқалады. Сонымен қатар, бізде мұнай өндіру көлемін арттыру бойынша жоспарымыз болғандықтан ол құрылымға өз әсерін тигізуде», - деп Ә.Смайылов хабарлады.
Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімінің құрылымының 40% тауар өндірісін қамтыса, 53% қызмет өндірісі, 7% - таза салықтар мен субсидия құрап отыр. Ал, өндіріс 32% еншілесе, 4,5% ауыл шаруашылығына, құрылысқа 6%, қалғаны қызмет көрсету саласына тиесілі.
«Егер, Қазақстанда қызмет көрсету саласы 53% құраса, бұл сала өзге мемлекеттерде ЖІӨ құрылымында 60%-70% алып жатады», - деп Агенттік төрағасы өз ойын толықтырды.
Оның үстіне, өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірістегі мұнайды өндіру көлемі 51%, ал, өңдеу өнеркәсібі 33% құрап отыр.
Ә. Смаиловтың хабарлауынша, ҮИИД МБ жүзеге асыру аясында еліміздегі өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өсім байқалды.
«Өткен жылдың қортытындысы бойынша, машинақұрылысындағы өндіріс көлемі айтарлықтай 15%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 12%-ға, химиялық өндіріс 3,3%-ға, пластмасадан жасалған заттарды өндіру 2,5%-ға, азық-түлік өнімдері 4,2%-ға артты»,- деп Статагенттігінің басшысы ойын қорытындылады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай -
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ -
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді -
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы
-
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды -
Нұрлы жол: Ақылы жолдардың үлесі 45 пайызға дейін ұлғаяды -
А.Пірімқұлов: Қалдықтардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі -
ҚР Еңбекмині әлеуметтік және еңбек саласының 31 мемлекеттік қызметін көрсетуді бақылайды -
Д.Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті