- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдаудың орындалуы қазақстандықтарды біріктіреді
Жолдаудың орындалуы қазақстандықтарды біріктіреді
«Біздің еліміздің осыдан 20 жыл бұрынғы жағдайы мен қазіргі ахуалымызды бағамдай отырып өз басым көптеген өзгерістерді көремін. Экономикалық, әлеуметтік даму, біздің еліміздің дүние жүзіндегі беделінің өсуі тұрғысынан көптеген жағымды жаңалықтар бар. Біздің еліміздің алға қойған міндеттемелерін орындау үшін мемлекетіміздің базасы өте қуатты. Биылғы Жолдау былтырғы «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың нақты жоспары іспетті. Атап айтар болсақ ол Жалпыхалықтық еңбек қоғамы, әлемнің ең алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына ену және өзге де мақсаттар», - дейід С.Есілов.
Оның айтуынша, Президент өз Жолдауында Астананы елімізде агломерациялануы керек негізі төрт қаланың қатарына қосты.
«Менің ойымша, Үкімет алдағы уақытта да еліміздің бас қаласына деген қамқорлығын аямайды. Алайда қала гүлденуіне ең алдымен жергілікті билік әсер етеді. Әрине, Астананың экономикалық және өзге де әлеуметтік көрсеткіші өзгелерге қарағанда анағұрлым жоғары. Мысалға, жалпы еліміз бойынша жылына ЖІӨ көрсеткішінің жылдық өсімі 6-7% болса, біздің орташа деңгейіміз 7%.-ға дейін артты. Біз енді осы көрсеткішті 8-9%дейін өсіруді көздеп отырмыз», - дейід мәслихат хатшысы.
С.Есіловтың айтуынша, өсім көрсеткіші мен шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы елодада өзге қалаларға қарағанда артығырақ.
«Жолдауда көрсетілген тапсырмалар өмір сүру салттарына және әрбір қазақстандықтың дамуына қатысты мәселелерге шешім табатынын халық түсінуде. Біздің әрқайсымыз ортақ қызметке өзімізше үлес қосуымыз керек. Елордалық мәслихат депутаттары да бұл кезде бей-жай қала алмайды. Солардың көпшілігі біздің қаламызда экономика саласында қызмет етеді. Олар кәсіпкерліктің жетекшілері, бизнес қауымдастық өкілдері. Олар да Елбасы Жолдауын іске асыруға ат салыспақ», - дейді С.Есілов.
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
Қазақстандықтардың ғаламторға қолжетімділігі қандай -
АШ өнімдері қазақстандықтардың сұранысын толығымен қамтамасыз ете ала ма -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
Тоқeев Ливaндағы қазақстандықтардың қауiпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды -
Тоқаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды -
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады -
Тоқаев қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды -
Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылауға тапсырма берді -
Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады -
Н.Нығматулин: Елімізде төтенше жағдай енгізу қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара -
Бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарды Еуропа елдеріне саяхаттамауға шақырды