- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы Бас прокуратураның саll-орталығына 63 мыңға жуық қоңырау келіп түсті
2013 жылы Бас прокуратураның саll-орталығына 63 мыңға жуық қоңырау келіп түсті
«Елбасының Жолдаудағы маңызды тапсырмалардың бірі Стратегия-2050 басты мақсатына жету үшін құқықтық тәртіпке сүйене отырып заң алдындағы теңдікті, сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін, барлық құқық қорғау органдарының сапасын артыру болып табылады. Бас прокуратура көрсетіп отырған электрондық қызметін жетілдіруде.
Азаматтарға прокуратура органдарына пошталық байланыс, www.115.kz сайты және прокурорлардың блогы және Бас прокуратураның cаll-орталығы арқылы жиі хабарласатын болды», деп А. Дуккардт хабарлады.
Естеріңізе сала кетейік, Бас прокуратураның cаll-орталығының номері - 115.
Ақпарат шағымның алты категориясы бойынша қабылданады. Қылмысты қадағалау органдарының әрекетсіздігі, қылмыстық процесте азаматтың конституциялық құқығын және адамдардың бостандық құқығын бұзу, білім беру мекемелеріндегі кәмілет жасқа толмағандар арасындағы және оларға қарсы құқық бұзушылық әрекеттер, медициналық қызметке заңсыз төлем алу және прокуратура қызметкерлерінің жемқорлыққа бой алдыруы бойынша шағымдар.
«Жүргізілген жұмыстар 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда қоңыраулар санын 2 есе 30 мыңнан 63 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді», - деп А. Дуккардт хабарлады.
Саll-орталыққа келіп түскен қоңыраулар бойынша азаматтың конституциялық құқығын бұзу бойынша 28 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, Саll-орталыққа келіп түскен қоңыраулар прокуратура органдары 2013 жылы 1,7 мың азаматтың еңбек құқығын қорғап, оларға жалақы бойынша берешегі мен 163 млн. теңге көлемінде өтемақы төлеуге септігін тигізді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді