- Басты
- Жаңалықтар
- Біз экономика мен қоғамдық келісімді сақтап, одан әрі дамытуымыз керек – Жамбыл МАЭ директорының орынбасары
Біз экономика мен қоғамдық келісімді сақтап, одан әрі дамытуымыз керек – Жамбыл МАЭ директорының орынбасары
«1997 жылы ең қиын кездердің бірінде қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы елдің дамуының жаңа көкжиегін ашқан болатын. Бүгінде бұл мақсаттар әрбір қазақстандықтың үлес қосуының арқасында орындалды. Қазір скептиктердің өзі бұл жетістікті мойындамаса болмайды, себебі посткеңестік кеңістікте жоғары жетістікке жетіп, биіктен көріне алдық. Енді біз жаңа дамуы жолына «Қазақстан-2050» Стратегиясына өттік. Бұл жас мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының бірден-бір құралы, ресми құжаты», - деді В. Мележик.
Жамбыл МАЭ директоры орынбасарының айтынша, ұзақмерізмді стратегияның бағасы – келешек ұрпақтың еншісінде, олар осы бағдарламалардың орындалу жемісін көреді.
«Менің ойымша, жүргізілген саясаттың нәтижесі бізді көпі күттірмеуі керек. Ол біздің қоғамның алға басуына мүмкіндік береді. Біз, энергетиктер, еліміздің болашағына жұмыс істеп, жұмыстың жаңа әдістерін енгізіп, Ұлт Көшбасшысы тапсырмаларын орындау үшін жас толқынды тәрбиелеп өсіруіміз керек. Жолдауда Елбасы экономиканың барлық салаларын, соның ішінде энергетиканың дамуы мен жетілуіне баса назар аударды. Біздің алдымызда дәстүрлі энергетикада жаңа технологияларға өту, ядролық энергетиканы дамыту мен әлімдік тәжірибені есепке ала отырып болашақтың энергетикасын құру секілді тапсырмаларды орындау керек. Осынау күрделі тапсырмаларды орындау үшін ең басты қажеттілік адам капиталының дамуы мен ғылыми экономиканың қанат жаюы. Сол себепті кадр дайыгдау мен жүргізілетін реформа алдағы уақытта өз жемісін береді деп сенемін», - дейді В.Мележик.
Владимир Мележиктің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында қазақстанның әрбір мүшесіне Қазақстанның дамуындағы ішкі түсінікті өзгерту мен жаңа экономикалық қарқынға өту үшін нақты тапсырмаларды береді.
«Менің жеке басыма ең көп әсер еткен тұсы – жаңа қазақстандық патриотизм идеясы. Бұл біздің көпұлтты және көпдінді мемлекетіміздің жетістікке жету кілті іспетті. Әр азаматтың мақсаты аталмыш идеяда толықтай қарастырылған. Біз қоғамдық келісім мен дамып келе жатқан экономикамыздың іргесін берік етіп сақтап қалуымыз керек. Бұл бздің мемлекеттігіміз бен бірлігіміздің басты кепілі», - дейді В.Мележик.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері