- Басты
- Жаңалықтар
- Біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енеміз – Р. Раджамов
Біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енеміз – Р. Раджамов
«Кез келген мемлекеттік міндеті – даму жолына түсу мен бүгінгі нарықтық экономика кезіндегі әлемде бәсекеге қабілетті болып, өзінің мүддесін сақтай білу. Осыны түсіне біліп, Үкімет пен халықтың алдына үлкен тапсырма жүктеген біздің Президентіміз бірнеше жыл алдын ала жоспар құруда. Толыққанды даму мен қойылған міндеттемелерді орындау үшін белгілі бір жоспар керек», - дейді Р.Раджамов.
Бас директордың кеңесшісінің айтуынша, Стратегияны ол қазақстандықтардың өір сүру деңгейін күннен күнге, жылдан жылға жақсартып келе жатқан шаралардың нақты бағдарламасы ретінде қарастырады.
«Нарықтық экономика қандай да бір көреалмаушылықты көтере алмайды. Қазіргі шарттарда өмір сүре алу үшін күнделікті еңбек пен тиімді шаралар қажет. Бүгінгі таңдағы экономика, бірінші кезекте, барлық салалардағы жаңа технология. Бұл ауыр өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығына дейін қатысты. Өндірістік процестерге инновацияны енгізу қазақстандық ғылымның әлеуетінсіз атқару мүмкін емес. Стратегияы осы бағытына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баса назар аударды. Еншілес қаржыландыру, интеллектуалды меншікті қорғау, зерттеу мен инновацияны қолдау, сонымен қатар ғылыми жұмыстарды коммерциялау бойынша заңнамаларды жетілдіру мәселесі қарастырылды. Бұлардың қатарында ғылыми жұмыстарға қаржы бөлу мәселесі де бар», - дейді Р.Раджамов.
Р.Раджамовтың айтуынша, энергетикалық кәсіпкерлікте жұмыс істейтін қызметкер ретінде, Президенттің Жолдауындағы энегетикалық даму бойынша алға қойған нақты тапсырмалары өз мазмұнымен қызығушылығын оятты. Энергетиканың дәстүрлі түрі ядролық энергетика, сонымен қатар жасыл энергетика мен болашақтың қуатын құру жолындағы зерттеулердің әлемдік тәжірибесі жайлы нақты тапсырмалар жүктелген.
«Стратегияны өзінің дер кезінде орындап, ондағы айтылған белестерге жете білу Үкімет мүшелері мен барлық қазақстандық қоғамның оның мазмұнындағы құндылықты қаншалықты түсінгеніне байланысты. Экономиканы өзгерте отырып халықтың ондағы түсінігі мен интеллектуалдық деңгейін де арттыру қажеттілігін Нұрсұлтан Назарбаев әр Жолдауында айтады. Қорыта келе айтарым, дамыған экономика, әлеуметтік сала, азаматтардың кіршіксіз патриоттығы, толеранттылық – бұлардың барлығы Қазақстанды күшейтетін, нығайтатын құндылықтар. Біздің елімізбен бүгінде барша әлем санасады. Мен «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген міндеттемелерді орындай отырып әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына енеміз деп сенемін», - дейді Р.Раджамов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады