- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау-2014 – баршамызға бірдей орындауға міндетті құжат – О.Хозяшева
Жолдау-2014 – баршамызға бірдей орындауға міндетті құжат – О.Хозяшева
«Мен алғашқы партиялық ұйым «Богатырь Комир» ЖШС төрайымымын және біздің қатарымызда 825 «Нұр Отан» партиясының мүшесі бар. Біз партия қатарына жаңа мүшелерді тарту үшін ұдайы насихаттық жұмыстарды жүргіземіз. Оның үстіне партияның барлық бағдарламалық құжаттары Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтарда жариялаған халыққа Жолдауы сияқты азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», - дейді О. Хозяшева.
Алғашқы партиялық ұйым төрайымының айтуынша, Елбасының барлық Жолдаулары стратегиялық маңызды және нақты міндеттерді бекітілген уақытта жүзеге асыруға арналған.
«Жолдау -2014 басты ерекшелігі онда еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу міндеті мен жолы және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттер көрсетілген. Сонымен қатар, жыл сайын экономика өсімі 6-7%-ға, ал, ЖІӨ 4%-ға өсіру тапсырылған. Барлық салаларда жалпы экономика тиімділігін арттыруда нанотехналогиялар, инновация, ғылыми жетістіктер кеңінен пайдаланылуы керек деп көрсетілген. Әлеуметтік саланы дамыту, жұмысқа орналастыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері де кеңінен қамтылған », - деп О. Хозяшева атап өтті.
Нұр Отан» партиясының алғашқы партиялық ұйымы «Богатырь Комир» ЖШС төрайымы Ольга Хозяшева Жолдауда көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелерін әр қазақстандыққа жеткізу керектігіне сенімді.
«Менің ойымша, біздің алғашқы партиялық ұжымымыздың басты міндеті осы Жолдаудың маңызы мен міндетін мүмкіндігінше көп жұмысшыларға, тек партия мүшелеріне ғана емес қарапайым халықтың басым бөлігіне таныстыру. Барлығымыз өзіміздің еңбегімізбен, белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымымызбен, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және жастарға қолдау көрсету арқылы ортақ қазақстандық үйімізді бірлесіп салайық! Президенттің Жолдауы – бұл баршамызға бірдей орындауға міндетті саяси құжат. Біздің мыңнан астам ұжымымыз, партиялық ұйым аталмыш саяси құжатты толығымен қолдайды және онда көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға белесенді араласады», - деп О. Хозяшева баса айтты.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»