- Басты
- Жаңалықтар
- Женевада қазақстандық депутаттар ҚР-дағы этносаралық келісім туралы айтып берді
Женевада қазақстандық депутаттар ҚР-дағы этносаралық келісім туралы айтып берді
ҚР-ның Женевадағы өкілдігі хабарлағандай, Қазақстанның адам құқығы саласы бойынша өзінің халықаралық міндеттерін орындауы туралы қазақстандық делегация құрамына кірген Сенат депутаты А. Башмаков, Мәжіліс депутаты Ю. Тимощенко, Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша коллегиясының төрағасы А. Қасымов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы комиссиясының хатшысы Т. Әбішев, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер, білім және ғылым, сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этносаралық қатынас саласының сарапшылары жан-жақты және толыққанды ақпарат берді.
Комитет мүшелері Халықаралық Конвенция принціптерін Қазақстан Республикасында енгізу мен қатар заңнамалық, соттық, әкімшілік және де басқа шараларды этносаралық келісімді сақтап қалу жолында дамытуда жақсы көрсеткіштер байқалғанын атап өтті.
Альвес Линдргрен атап өткендей, Қазақстан Республикасының басты құндылығы ол адам және оның өмірі, құқығы мен қандай нәсілге жатпасын еркіндігі болып табылады.
«Қазақстан этносаралық интеграцияны таңдап отыр. Көпұлтты мемлекет болғандықтан дәл осы нәрсе Қазақстанға тәуелсіздік алғалы бері елде бірлік пен ынтымақтың берік болуына септігін тигізді», - деді ол.
Сонымен қатар, БҰҰ комитетінің мүшесі Алексей Автономов – Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығын атап көрсетті. Ол Парламент Мәжілісі депутаттарының қатарына Ассамблея мүшелерінің күруін кемсітушілікке қарсы ерекше тәсілді дамыту деп бағалады. Сондай-ақ, Қазақстан өзіндегі барлық этнос өкілдірінің құқығын қорғау бойынша Орталық-Азия аймағындағы елдерге жарқын мысал бола алатынын тілге тиек етті. Бұдан басқа ол, Қазақстанның барлық этностардың мәдениеті мен тілін сақтап қалуына ұмтылуын атап өтті.
«Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқитындар қазақ және ұлтаралық тілде білім алады. Мұндай құбылысты өзге мемлекеттерде кездестіре бермейсін. Мысалы, Канада да ресми түрде екі тіл қолданылатын болса да, білім беру тек бір тілде ғана жүргізіледі», - деді А. Автономов.
Алтыншы және жетінші еркін периодты баяндама Қазақстанның 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін нәсілдік кемсітушілікті жою бойынша ұстанған саясатынан хабар береді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты