- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Көшпенділердің әлемдік ойынына қатысады
Қазақстан Көшпенділердің әлемдік ойынына қатысады
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысының орынбасары Адахан Мадумаровпен кездесті.
Ведомствадан хабарлағандай, кездесу барысында 2014 жылдың маусым айында Түркияда өтеді деп жоспарланған Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің IV саммитіне дайындық барысы талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі мүше елдер Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияның бастамасымен 2009 жылы Еуразиядағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа бірлесе үлес қосу мақсатында құрылған. Оның хатшылығы Стамбұлда. 2013 жылы тамызда Кеңестің ІІІ саммитінде Габала (Әзірбайжан) қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев хатшылықтың ішінен туризм бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды. Мемлекет басшысы түркі елдерге бір-бірімен тәжірибе алмасуға, мамандар дайындауға, ортақ туристік бағдарларды анықтауға ұсыныс тастады.
Кездесу барысында 8-14 қыркүйекте алғаш рет Қырғызстанда Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің қамқорлығымен өтетін Көшпенділердің әлемдік ойынын өткізу барысы талқыланды. Жарысты өткізу туралы 2012 жылы саммитте түркітілдес елдердің басшылары Бішкекте келіскен болатын. Көшпенділердің әлемдік ойынын өткізудің негізгі мақсаты этникалық мәдениетті этникалық ойындар өткізу арқылы насихаттау және сақтап қалу. Ойындарды жыл сайын әр мемлекетте өткізу жоспарланған.
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев хабарлағандай, Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің аясында түркиялық тарап қазақстандық туроператорлар мен қонақ үй бизнесі өкілдеріне арнайы семинар тренинг өткізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы