- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті барлық ұлттық логистикалық активтерді бір жерге шоғырландыруды тапсырды
ҚР Президенті барлық ұлттық логистикалық активтерді бір жерге шоғырландыруды тапсырды
«Біздің халықаралық деңгейдегі транспорттық-логистикалық жүйе құру керек. Өздеріңізге де белгілі, ол үшін барлық ұлттық логистикалық активтерді бір жерге шоғырландырып, ҚТЖ басқарма жанынан әріптестік альянс құрып, оны «Жібек жолы» деп атау керек. Барлық ұлттық логистикалық активтер бір жерге шоғырландырылады», - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде ҚТЖ төрағасы Асқар Мәмин барлық жұмыстардың Президент тапсырмасына сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Логистикалық инфрақұрылымды салып жатырмыз, әлеуетімізді артыру жолында қызмет етудеміз», - деді АМәмин.
Президенттің айтуынша, экономика салаларын әртараптандыру – біздің экономикамыздың тұрақты өсімі мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орта және ұзақмерзімді басты тапсырмамыз.
«Индустрияландырудың мақсаты – ұқсас жобалардың шоғыры емес, өнеркәсіптегі өңдеуші саланы дамыту», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ҚР Үкіметі шет елдік отандық инвестицияны тартудың нақты жоспарын құруы керек.
«Трансұлттық компанияларды тартпасақ, өзіміздің қаражатымызды құйып олармен бірге ірі технологиялық кәсіпкерліктерді қолға алмасақ, ешқандай да шын мәнісіндегі индустрия болмайды», - деді Н.Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі кеңейтілген отырыстың басты тақырыбы «Қазақстан-2050» Жолдауының 2014 жылғы орындалу барысы.
Жиынға Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депататтары, Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және тікелей бағынатын мемлекеттік орган жетекшілері, Үкіметтің құранмына енбейтін мемлекеттік орган жетекшілері, облыс пен Астана және Алматы қалалары әкімдері, Президент Әкімшілігінің бөлімшелік құрылым жетекшілері қатысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын