• Басты
  • Жаңалықтар
  • Айырбас бағамының өзгертілуі ғана экономиканың 6 пайызға өсуін қамтамасыз етеді – Н. Назарбаев

Айырбас бағамының өзгертілуі ғана экономиканың 6 пайызға өсуін қамтамасыз етеді – Н. Назарбаев

14 Ақпан, 2014 13:45
Қазақстанда айырбас бағамының өзгеруі ғана экономиканың 6 пайызға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«3 күн бұрын елде бағамның өзгеруі болды. Бұл туралы барлығы біледі. Теңгенің жағдайына Ұлттық банк пен Үкімет  жауап береді. Мұндай шешім банкпен қабылданды. Мен тек қана осы үрдіс экономиканың өсуін 6 пайызға арттыратындығын айқым келеді, қарапайым халық білуі тиіс экономиканың өсуі мемлекет бюджетіне қаржы әкеледі. Яғни ол ақшаның халыққа жөнелетіндігін көрсетеді. Бұл жалақы мен табыстың көбеюіне септігін тигізеді», - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, ол экономиканың өсімін жыл сайын қамтамасыз ету қажет. Ол Үкіметтің барлық мақсатының көрсеткіші екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар