- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ЖІӨ-нің атаулы көлемі 6,5%-ға артады - Е.Досаев
2014 жылы ЖІӨ-нің атаулы көлемі 6,5%-ға артады - Е.Досаев
«2014 жылы біздің жұмысымыз Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясын және ағымдағы жылдың 17 қаңтарында шыққан Жолдауды жүзеге асыруға бағытталады. Теңге бағамының түзетілуіне байланысты ағымдағы жылдың ЖІӨ-нің негізгі өсу өлшемдері қайта қаралды. Болжам бойынша, нақты ЖІӨ-нің өсім көлемі баяғыша 6% құрайды. Ал, 2014 жылы ЖІӨ-нің атаулы көлемі қосымша 6,5 пайыздық пунктке көбейіп, 41,1 трлн теңгені құрайды»,- деді Е.Досаев.
Осы ретте ол, министрліктің еліміздің экономикалық жағдайына және әлемдік индикатор деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Министр ведомствоның негізгі тәуекелдерді және оны болдырмау жолдарын анықтап алды, деп хабарлады.
«Қалыптасқан жағдайды есепке алғанда 2014 жылы Қазақстанның экономикасының негізгі тәуекелдерінің үлесі сол қалпында қалып отыр. Біріншіден - сұраныстың аз болуы және негізгі экспортталатын тауарлардың бағасының төмендеуі. Екіншіден - банк секторындағы жұмыс істемейтін несиелер көлемінің шектен тыс көп болуы. Ол экономиканың нақты секторын несиелендіруге тосқауыл қойып отыр. Үшіншіден - тұтынушылық сұраныс көлемінің тәуекелі, төртіншіден - экономиканың құрылымдық үйлесімсіздігі», - деп ЭБЖМ басшысы хабарлады.
Осыған байланысты Е. Досаев, көрсетілген тәуекелдерді есепке ала отырып 2014 жылдың негізгі басымдықтары анықталды. Олардың ішінде маңыздысы экономика тұрақтылығын 6-7% деңгейінде ұстап тұру болып табылады, ватап өтті.
«Осылайша, макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, экономика саясаты үйлестіріледі, теңгенің түзетілген бағамы есепке алына отырып макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалу және инфляция деңгейінің өсімін ұстап тұру бойынша іс-шаралар қабылданды», - деді Е. Досаев.
Бұдан басқа, министрлік басқа салалық органдармен бірлесіп экономиканың салалық индикаторларын қайта қарайды.
Сонымен қатар, Е. Досаев, экономиканың ішкі сұранысына қолдау көрсету жолында экономика өсімі мен жұмыспен қамту саласында мультипликативтік нәтиже беретін мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландыруға басымдық беріледі, деп ағынан жарылды.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Абай жылының айшықты тұстары -
Учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ға артады -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады