- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметкерлерге 10% көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырды
Н.Назарбаев 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметкерлерге 10% көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырды
«Әлем экономикасындағы тенденция мен ішкі жағдайларды есепке алғанда Үкімет пен Ұлттық банк үшін макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында алдын ала ескерту шараларын жүзеге асыру маңызды міндет болып табылады.
Мұндай шаралар жеті бағыт бойынша жүргізілу керек. Олар - тұрғындардың табысын ұстап тұру, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау, тұрақты қаржы секторының тұрақтылығын арттыру, мемлекеттік экономикадағы қатысын азайту, көлеңкелі экономиканы азайту, инвестициялық климатты жақсарту және экономика салаларын әртараптандыруды белсенді жүргізу болып табылады»,- деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы, «Үкімет негізгі азық-түлік және әлеуметтік маңызды тауарлардың, жанар-жағармайдың дәрі-дәрмектердің бағасын тұрақты ұстап қалып және тауар тапшылығы мен монополистердің қызметінің тарифінің өсуін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс», деп атап өтті.
Сондай-ақ Н. Назарбаев, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін іс-шаралар кешенін қабылдау керектігін тілге тиек етті.
«Үкіметке 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік қазына кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлерге жалақының үстінен 10% көлемінде айсайынғы қосымша төлем қарастыруды тапсырамын. Азаматтық қызметкерлер - білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласының мамандары. Жалпы алатын болсақ, 2015 жылы өсірілетін жалақы көлемін қоса есептегенде, бір жылдан кейін жалақы мөлшері 36%-дан 52%-ға дейін көтеріледі",- деп Мелекет басшысы баса айтты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы