Н. Назарбаев 2013 жылдың экономикалық қорытындысын бағалады

14 Ақпан, 2014 13:26
Әлемдік дағдарыс кезіндегі елдер мемлекеттерінің жанында Қазақстанның экономикалық даму көрсеткіші жаман емес, қанағаттанарлық. Осындай пікірді Мемлекет басшысы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Біз бүгін 2013 жылды қорытындылаудамыз. Барлық әлем дағдарысқа мойынсұнып, одан шығу жолдарын қарастырып жатқанда, біздің экономикалық даму көрсеткіші жаман емес, қанағаттанарлық», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент меморган, әкімдіктер мен облыс әкімдерінің жұмысына бірдей баға беру мүмкін еместігін айтты.

«Өзге елдермен салыстырғанда біздің көрсеткіш осал емес», - деді ол.

Н. Назарбаевтың айтуынша, «отырыстың басты тақырыбы – Жолдауда қойылған жетекші мақсаттарды жүзеге асыру».

«Сондықтан да біз ол мақсаттарды қалай жүзеге асыру керектігін қарастырудамыз», - деді ҚР Преизденті. 

Барлық жаңалықтар