Ел кәсіпкерлері ұзақмерзімді несиені қажетсінеді – Н. Назарбаев

14 Ақпан, 2014 13:18
Қазақстандық кәсіпкерлер ұзақмерзімді несиені қажетсінеді, деп Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Ұлттық банк пен Үкімет қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, инфляцияның өсіп кетпеуін қадағалауы керек. Екіншіден, кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру керек», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің айтуынша, «Үкімет жүйелік шараларды қолдануы тиіс, ол кәсіпкерлікті дамыту импульсі оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту да бар».

Бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің нысандарын қаржыландыру ауқымы үлкеюі тиіс.

«Ел экономикасы, біздің кәсіпкерлер ұзақмерзімді несиелік ресурстарды қажетсінеді. Олар біздің банктерде жоқ, олар енді дағдарыстан шығуда. Бизнесті дағдарысқа дейін қаржыландыру да жоқ. Сондықтан да, инвестициялау көздерін қарастыруымыз қажет , оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту жағы да назардан тыс қалмайды», - деді Н. Назарбаев.

Барлық жаңалықтар