• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банк тұтынушылардың несие капиталы бойынша талаптарды күшейтуде - Қ.Келімбетов

Ұлттық банк тұтынушылардың несие капиталы бойынша талаптарды күшейтуде - Қ.Келімбетов

14 Ақпан, 2014 12:40
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов тұтынушылар несие капиталы бойынша талаптар күшейтілуде, деп хабарлады.

«Ұлттық банк тұтынушылар несиесі капиталы бойынша талаптарды күшейтуде және пруденциялық нормативті енгізу арқылы тұтынушы несиесімен қамтамасыз ету деңгейін 30% төмендетуде», - деп Қ. Келімбетов хабарлады.

Бұдан басқа оның айтуынша, «қарыз алушы берешегінің шекті шамасы енгізілуде, яғни жеке тұлғаның қарызын өтеу көлемі ай сайынғы табысының 50%-нан аспау керек». Бұл шамадан асып кеткен жағдайда банк оған несие бермеуі тиіс.

Сонымен қатар, банктің жұмыс істемейтін қарыздар проблемасын шешу көзделуде.

«Өкінішке орай, жұмыс істемейтін несие проблемасын түбегейлі шешпестен банктерді одан әрі дамыту бойынша стратегиялық бағыттарға ауысу оңайға соқпайды. Бүгінде ұлттық банк осы мәлелелерді шешу үшін қосымша іс-шараларды ойластыруда», - деп Қ. Келімбетов сендірді.

Барлық жаңалықтар