ҚР-да 2013 жылы машинақұрылысының өсуі 14%-дан асты - Е.Досаев

14 Ақпан, 2014 12:15
2013 жылы машинақұрылысы саласының өсімі 14,6% құрап, өңдеу өндірістік саласының өсімін 88%-ға қамтамасыз етті, деп Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Экономина және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«2013 жылы өндіріс өсімі 2,3% құрады, ал, таукенөндірісі 3,1%-ға, өңдеу  1,6%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі саласында жоғары өсім 14,6% машинақұрылысы саласы көрсетіп, өңдеу өндірістік саласының өсімін 88%-ға қамтамасыз етті», - деді Е.Досаев.

Алайда, өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі ЖІӨ құрылымында 2010 жылдың 11,3% -нан 2013 жылы 10,5%-ға дейін төмендеді.

Министрдің айтуынша, мұнай және газды өндіру көлемін одан әрі арттыру, ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінін үлесін одан әрі төмендетеді. Нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру қажеттілігі туады. 

Барлық жаңалықтар