• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банк инфляцияны төмендету бойынша кешенді шараларды жасақтауға кірісті

Ұлттық банк инфляцияны төмендету бойынша кешенді шараларды жасақтауға кірісті

14 Ақпан, 2014 12:10
ҚР Ұлттық банкі инфляцияны төмендету бойынша кешенді шараларды жасақтауға кірісті. Бұл туралы Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыста Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Сіз өзіңіздің қаңтардағы халыққа Жолдауыңызда инфляция деңгейін ортамерзімді перспективада  3-4% төмендетуді тапсырдыңыз. Қазіргі таңда Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп кешенді шараларды жасақтауға кірісті.

Ұлттық банктің басты міндеті инфляция деңгейін 2013 жылдығыдай  6 - 8% аралығында сақтап қалуды көздеуде»,- деді Қ. Келімбетов.

Сонымен қатар ол, Қазақстан үшін инфляциялық тәуекелдердің артуының маңыздылығын атап өтті.

«Айырбастау бағамына жасалған  түзетуді есепке алғанда және импорт инфляциясының мүмкіндігіне байланысты ағымдағы жылы инфляция тәуекелі артуы мүмкін. Сондықтанда монетарлы саясат пен монетарлы емес факторларды қадағалауды күшейту керек. Монетарлы фактор аясында экономикадағы қаржы салмағының артуын болдырмау керек»,- деп Қ. Келімбетов түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, монетарлы емес факторлар  бойынша «әлеуметтік маңызды тауарлар мен реттелетін қызметтердің тарифі саясатын анықтау үшін олардың инфляциядағы үлесінің жоғарылығы есепке алына отырып бағаны қалыптастыру бойынша Ұлттық банк Үкіметпен қарым-қатынасты күшейтеді».

«Монетарлық және монетарлық емес инфляциялық факторларды қадағалауды күшейту айырбастау бағамын түзетуге байланысты қосымша экономикалық серпін аясында  экономикалық өсіммен баға тұрақтылығы арасында қолайлы теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді»,- деп Қ. Келімбетов өз ойын толықтырды.

Барлық жаңалықтар