• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы 2 мың километр автожол құрылысы жоспарланған – ҚР Премьер-Министрі

2014 жылы 2 мың километр автожол құрылысы жоспарланған – ҚР Премьер-Министрі

14 Ақпан, 2014 12:07
Ағымдағы жылы Қазақстанда 2 мың республикалық жолдың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы жоспарланған. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер – Министрі Серік Ахметов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы 2 мың республикалық жолдың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы жоспарланған. 13 авиа- және 5 жүрдек теміржол бағытын қосу жоспарланған», - деді Премьер-Министр Мемлекет басшысына берген есебінде.

Оның айтуынша, қысқа мерзім аясында 100 пайыз «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолының басты жолы төселді.

«Елде де, шетелде де көліктік-логистикалық жүйенің қалыптасуы жалғасады», - деді С. Ахметов. 

Барлық жаңалықтар