- Басты
- Жаңалықтар
- Салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді - Қ.Келімбетов
Салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді - Қ.Келімбетов
14 Ақпан, 2014 11:59
Салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
«Халықтың шығыны мен табысы теңгелей құралатындықтан және теңгелей шығын мен табыстың көлемі өзгермейтіндіктен салымдарды ұлттық валютада сақтау шығынға батуды білдірмейді»,- деді Қ. Келімбетов.
Сондай-ақ ол, «ұлттық валютадағы депозиттердің табысы жоғары болғандықтан тиімдірек», деп атап өтті.
«Сонымен, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың теңгелей салымдарындағы сыйақы мөлшері 8,1% құрады, ал, шетелдік валютада - 4,5% құрады. Осылайша, ұлттық валютада салымдарды сақтау ұзақмерзімді және қысқамерзімді перспективада тиімдірек»,- деп Ұлттық банк басшысы атап өтті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды