• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Ахметов: Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасына түзетулер енгізіледі

С. Ахметов: Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасына түзетулер енгізіледі

14 Ақпан, 2014 11:55
Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Бұл туралы бүгiн Ақордада кеңейтiлген Үкiмет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрi Серiк Ахметов мәлімдеді.

«Өткен жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заманауи аграрлық секторды қалыптастыруға бағытталады», - деді С. Ахметов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай астық холдингі азық-түлік нарығының тиімді қамтамасыз етілуіне бағытталған.

«Қазіргі таңда жер нарығының даму ұсынысы дайындалуда. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық жерлерінің инвентаризациясы аяқталады, оған 30 млн га қалғн қаржы, 90 млн жоспарланған көрсеткішінде», - деді ол.

Сондай-ақ, қазір мемлекеттік мүлік қайтарымына 7 млн га ауыл шаруашылық жері жатады. Ағымдағы жылы пайдаланылмаған жерге  салық төлемдері көтеріледі. 

Барлық жаңалықтар