- Басты
- Жаңалықтар
- Болашақта әр қазақстандық 2050 Стратегиясы табысының игілігін көреді- Д. Аспанбетов
Болашақта әр қазақстандық 2050 Стратегиясы табысының игілігін көреді- Д. Аспанбетов
«Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында еліміздің әлемнің дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты мемлекеттік ұзақмерзімді басымдықтарды атап өтті. Төртінші стратегиялық бағыт ретінде «инфрақұрылымдық үштағанның - агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, оларды қалыптастыру мен дамыту - маңызды мәселе». Осы ретте Президент көлік инфрақұрылымы - ол индустриалды экономикамыз бен қоғамымыздың күре тамыры екенін атап өтті. Және, сапалы заманиу магистралсыз дамыған ел болматынын тілге тиек етті», - деді Д. Аспанбетов.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін оның Еуропа мен Азияның, Солтүстік пен Оңтүстіктің орталығында орналысуына байланысты хабарлама жолдарының маңызы зор.
«Біздің территориялық орналысуымыз әлеуетті мүмкіншілігіміз бен табиғи шектеулеріміз және онымен біз күн сайын келісеміз. Көліктік-логистикалық шығындарымыз жағалау аймақтарына қарағанда әрқашан 15 тен 30%-ға дейін шоғары болады. Елбасы саясаты осы шығындарды мүмкіндігінше төмендету міндетін біздің алдымызға қояды. Яғни, біз отандық тауардың бәсекелестігін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасап, ұзақмерзімді перспективада мемлекетіміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыруымыз керек», - деп атап өтті ол.
Д. Аспанбетовтың пайымынша, Қазақстанның экономикалық біртұтастығының, облыстырдың өзара және астанамен тиімді араласуының негізгі кепілі сапалы магистралмен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта 2013 жылы автожол саласы бойынша ірі инвестициялық жобалардың құрылысы басталды. Бұл, «Астана - Қарағанды - Алматы» (Орталық-Оңтүстік бағыты), «Астана - Павлодар - Өскемен» (Орталық-Шығыс) және «Астана - Арқалық - Ырғыз - Шалқар - Бейнеу - Ақтау» (Орталық - Батыс бағыты) бағдарлар болып табылады.
«Ішкі және сыртқы нарықтағы ұзақмерзімді қаржыландыру капиталында аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін 1,5 трлн теңге баламалы инвестиция жұмылдырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2018 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық даму болжамын есепке алғанда, бұл инфрақұрылымдық жобалар үшін сұранысты арттырып, құрылыс барысында 28 мың жұмыс орнын, кейін 10 тұрақты жұмыс орнын ашады», - деді ол.
Осылайша Д. Аспанбетова айтуынша, Елбасының Жолдауда айтқан міндеттері еліміздің саяси даму көкжиегін құрып қана қоймай, экономикалық жұмыспен негізделген.
«Әр сөздің артында үлкен сараптамалық жұмыс жатыр. Экономикалық нәтижелер тыңғылықты есептеліп, баламалы әдістер ойластырылған. Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осында өмір сүру мәртебесіне иемін және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға атсалысуды құрмет тұтамын. Мен, болашақта әр қазақстандық оның табысының игілігін көретініне сенімдімін», - деді сөз соңында Д. Аспанбетов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады