• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы ҚР Үкіметі өңірлерді дамытудың бірыңғай жобасын жасайды - С.Ахметов

2014 жылы ҚР Үкіметі өңірлерді дамытудың бірыңғай жобасын жасайды - С.Ахметов

14 Ақпан, 2014 11:25
2014 жылы ҚР Үкіметі Аймақтарды дамытудың бірыңғай жобасын жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов хабарлады.

 «Үкіметтің қызметі осы саладағы жобалық құжаттарды және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бөлінген қаражатты бір-бірімен байланыстыру. Осы мақсатта, ағымдағы жылы Аймақтарды дамытудың бірыңғай  жобасы жасалады, ол өз кезегінде қайталауларды болдырмай, ашықтық деңгейін көтеріп, қолдаудың тиімділігін арттырады», - деді С.Ахметов.

Оның айтуынша, аймақтық саясаттың басымдығының бірі урбанизация процестерін реттеу, моноқалаларды,  тірек ауылдар мен шекаралық аймақты қолдау үшін өсу орталықтарының дамуын ынталандыру болып табылады. 

Осыған байланысты, өткен жылы 2030 жылға дейін территорияны ұйымдастырудың бас сызбасы бекітілді.

«2014 жылы Астана мен Алматының агломерациясын дамытудың ұзақмерзімді жобасы жасақталады. Ал, олардың тәжірибесі есепке аланына отырып, Шымкент пен Ақтөбе агломерациясын дамытудың ұзақмерзімді жобасы жасалады», - деп ҚР Үкіметінің басшысы өз ойын түйді. 

Барлық жаңалықтар