• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Үкіметтің негізгі жұмысы - «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру - С. Ахметов

2014 жылы Үкіметтің негізгі жұмысы - «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру - С. Ахметов

14 Ақпан, 2014 11:17
Ағымдағы жылы ҚР Үкіметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, мақсаты» Жолдауын жүзеге асыру үшін тапсырмаларды орындау болып табылады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлімдеді.

«Үкіметтің негізгі бағыты - Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, мақсаты» Жолдауын жүзеге асыру үшін тапсырмаларды орындау болып табылады. Оның ішінде 30 дамыған ел қатарына енну мақсаты да бар», - деді С. Ахметов.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, 2013 жылы қазақстандық өнімнің экспорты 4,6 пайызға қысқарды.

«Стратегиялық экономикалық және әлеуметтік  бағыттың орындалу арқасында біз дамудың оң көрсеткішін сақтап қалдық, өткен жылы ЖІӨ 6 пайызды құрады, инфляция деңгейі – 4,8 пайыз», - деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, жұмыссыздық 5,2 пайыз дәрежесінде, негізгі капиталға енген инвестиция 6,5 пайызға өсті.

«...Экономикалық тұрақтылық пен тұрақты өсу бізге әлеуметтік жаңғырту жылдамдығын сақтап тұруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар