- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарсы электрондық денсаулық сақтау енгізіледі
2020 жылға қарсы электрондық денсаулық сақтау енгізіледі
Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, жұртшылық Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі тұжырымдамасымен танысты, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және электрондық денсаулық сақтауды стандарттау мәселелері талқыланды.
2020 жылға қарсы Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын іске асыру пациенттің қажеттілігіне бағдарланған денсаулық сақтаудың қауіпсіз, әділетті, сапалы және тұрақты жүйесін қамтамасыз ететін уақытылы, жаңа, шынайы және толық ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық денсаулық сақтаудың негізгі элементі еліміздің әрбір азаматының электрондық денсаулық паспорты болуы тиіс.
Электрондық денсаулық сақтаудың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және осы процеске барлық мүдделі тараптарды тарту үшін Министрлік саланың бұдан әрі дамуын айқындайтын электрондық денсаулық сақтаудың базалық стандарттарын, нормативтік құқықтық регламенттеу құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Қазіргі таңда алғашқы негізгі стандарттар әзірленіп, бекітілді. Оларды әзірлеу жұмысына Министрліктің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мамандары, медицина қызметкерлері, халықаралық консультанттар қатысты.
Айта кетейік, стандарт жобалары алдын ала Министрліктің ресми сайтында және форумында жұртшылықпен бірге талқыланды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды