- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Шакенов: Жолдауды жүзеге асыру барысында ШОБ-ті қорғау - қаржы полициясы органдарының негізгі міндеті
Д. Шакенов: Жолдауды жүзеге асыру барысында ШОБ-ті қорғау - қаржы полициясы органдарының негізгі міндеті
«Жолдауда атап көрсетілгендей, Қазақстанның дамуы шағын және орта бизнес үлесінің артуына байланысты. Қазақстандық бизнес өнімінің оң өсу динамикасы мемлекеттің қабылдап жатқан шараларының тиімділігінің бір көрінісі. Жалпы, шағын және орта бизнесті қорғау қаржы полициясы мен оның осы сала бойынша жұмыс істейтін бөлімдері үшін негізгі міндет болып табылады», - деп Д. Шакенов баса айтты.
Оның мәліметі бойынша, 2013 жылы қаржы полициясы органдары кәсіпкерлердің құқығын бұзумен байланысты 214 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың бетін ашты.
Бұдан басқа, Агенттіктің ШОБ қорғау бойынша ведомствалық іс-шара жоспары жасалды. Онда мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері мен қаржы полициясы мамандарының шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуын анықтау және оны болдырмас үшін ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жоспарланған.
«Қазақстандық бизнесті қорғау мақсатында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру маңызды болып қала бермек және ол Елбасының халыққа Жолдауында көрініс тапқан. Мемлекеттік институттар мен құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі жетілдіріп, жаңғырту қазақстандық бизнесті қорғаудың іргетасы болатынына сенімдімін. ШОБ - ел экономикасының негізгі қозғаушы күші», - деді сөз соңында Д. Шакенов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады