• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2014 жылдың қаңтарында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,8% құрады

ҚР-да 2014 жылдың қаңтарында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,8% құрады

14 Ақпан, 2014 10:02
2014 жылдың қаңтарында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға өсті.

«2014 жылғы қаңтарда 2013 жылғы ұқсас аймен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және метал кендерін өндіру артты», - деп Статистика агенттігінде хабарлады.

Химия, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғарылады. Оның ішінде 8,1 пайызға жанармай, цемент-17,7 пайызға, ферроқоспа – 6,9 пайызға көбейді.

Өндірістің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында тіркелді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар