• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың қаңтарында қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 3,3%-ды құрады

2014 жылдың қаңтарында қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 3,3%-ды құрады

14 Ақпан, 2014 09:39
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтарда 2013 жылғы қаңтарға қарағанда 103,3% құрады.

«Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», - деп Статистика агенттігінде хабарлады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 232,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2013 жылғы қаңтарға қарағанда 4% артық.

2014 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1410 млрд. теңгені құрды, бұл 2013 жылғы қаңтарға қарағанда 0,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,7%, өңдеу өнеркәсібінде 1,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,1% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 1,4% төмендеді.

Айта кетейік, 2014 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 70,7 млрд. теңгені құрып, 2013 жылғы қаңтарға қарағанда 1,1% артық.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 131,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,1% аз, оның ішінде экспорт - 82,5 млн. АҚШ долларын (4,6% аз), импорт - 48,8 млн. АҚШ долларын құрады (5,4% өсті).

 

Барлық жаңалықтар