- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСМ дәрі-дәрмектің бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойды
ҚР ДСМ дәрі-дәрмектің бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойды
Денсаулық министрлігінде хабарлағандай, меморандумға қол қоюдағы мақсат - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмеген, әлеуметтік осал және аз қамтылған тұрғындар жиі қолданатын 200-ден астам дәрілерге баға шегін белгілеу және дәрілерге қойылатын үстеме бағаны төмендетуге бағытталған өзге де іс-шаралар қабылдау.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде дәрілік құралдарға бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шұғыл шаралар қабылдауда. Барлық өңірлерде әкімдердің орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс топтары құрылып, олардың құрамына денсаулық сақтау басқармаларының, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, «Нұр Отан» партиясының, Әйелдер ісі және демографиялық-отбасылық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, фармацевтикалық өндірушілердің және өзге де мүдделі құрылымдардың өкілдері кірді.
Айта кететін жайт, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі мақсаттардың бірі - халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілермен қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде оларға қол жетімділікті арттыру.
Мемлекет жыл сайын дәрі-дәрмектерді сатып алуға бөлінетін қаржы көлемін арттыруда. 2013 жылы ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға мемлекет бюджетінен 139 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның ішінде, халықты амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз етуге 75 млрд. теңгеге тарта қаржы бөлінді. Дәрігерлер кеңесімен тегін берілетін дәрілер қатарына аурудың 48 түрі бойынша 400 дәрі атауы енгізілді.
Барлық өңірлерде автоматтандырылған ақпараттық дәрілік қамтамасыз ету жүйесі (АДҚЖ) енгізілуде, сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген дәрілердің науқастарға жеткендігін көрсететін диспансерлік науқастар тізімін жасау жұмыстары жүргізілуде.
Шалғай аймақтардағы ауыл тұрғындарын дәрімен қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы дәріханалық пункттер ашылуда, сондай-ақ, дәрілер фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) арқылы беріледі. Бүгінде республика бойынша мұндай 3 мыңнан астам фельшерлік-акушерлік пукнт бар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары