- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның сыртқы саясаты тұрақтылық пен бірізділік негізінде құралады – Е. Ыдырысов
Қазақстанның сыртқы саясаты тұрақтылық пен бірізділік негізінде құралады – Е. Ыдырысов
СІМ-де хабарлағандай, жиынға ҚР СІМ басшылығы, ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов, ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі, Депутат Бірғаным Әйтімова, Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Сыртқы саяси ведомство басшылығының алқа отырысындағы күн тәртібінің негізгі бөлігі ҚР Президентінің «Қазақстандық жол: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларын талқылауға арналды.
Сыртқы істер министрі өз сөзінде атап өткендей, бұл Жолдаудың маңыздылығы Мемлекет басшысының ел халқын гүлденген, жемісті Қазақстанды құруға бірігіп атсалысуға шақыруы мен Стратегия-2050 мақсаттарына қол жеткізу үшін дамыған демократиялық қоғамда өмір сүргісі келетін әр азаматтың жеке қатысуы мен белсенді ұстанымының қажеттілігінде жатыр.
Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларына жету үшін қолайлы сыртқы жағдай тудыру сыртқы саяси ведомствосының ең маңызды басымдығы болып табылады. Осы орайда Е.Ыдырысов жақында Президентпен бекітілген және «2050 Стратегиясының» негізгі қағидалары аясында құрылған Қазақстанның 2020 жылға дейін арналған жаңа сыртқы саяси тұжырымдамасының ерекше маңыздылығын атап өтті.
Министр сыртқы саясат Тұжырымдамасында дәстүрлі ұстанымдармен қатар басқа да жаңа сыртқы саяси қызметтің басым бағыттары айқындалды деп атап өтті. «Егер осыған дейін мемлекет мүддесін қорғауға айтарлықтай басымдық берілсе, бүгінде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, соның ішінде жалпы азматтардың және жеке әрбір қазақстандықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қарай бет алуда»,-деп түсіндірді ол.
ҚР Сыртқы саяси бағытына тоқтала келе, сыртқы істер министрі Қазақстан саясаты алдағы уақытта да теңдестірілген, бір ізді және прагматикалық қағидаларға негізделетін болады деп атап өтті.
«Біз Қазақстанның ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешуге қатысуын, сыртқы саясаттың стратегиялық ресурсы ретінде көп деңгейлі дипломатияны дамытуын еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі факторы деп білеміз»,-деді Е.Ыдырысов.
Сонымен қатар, алқа отырысы барысында 2017-2018 ж.ж. аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ұсыну жоспарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы аймақтың өзекті мәселелеріне халықаралық қауымдастық назарын аударуға және оларды шешуге, сонымен қоса халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді реттеуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік беретіні айтылды.
Сондай-ақ, алқа жиынына қатысушылар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері, еуразиялық және орталық азиялық интеграция мәселелері, Ауғанстандағы және Сириядағы жағдайды тұрақтандыру, Украинадағы саяси дағдарысты реттеу және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер талқыға салынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда